«Жас Отанның» белсенділері балалар үйінің тәрбиеленушілерін киноға шақырды. Бұл шара 1 наурыз - Алғыс күніне орай ұйымдастырылған. Балалар отандық режиссер Ален Ниязбековтың «Каникулы в Тайланде» филімін тамашалады. Мұндай акциялар арқылы жастар адамдарды бір-біріне мейірімді болуға, қолдан келген көмекті аямауға шақырды. Алғыс күні биыл "Нұр Отан" партиясының мерейтойымен тұспа-тұс келді. Яғни саяси ұйым бұл күні 19 жылдығын тойлайды. Партияның жастар қанаты қос мерекені балаларға сыйлық жасап, қуаныш сыйлау арқылы атап өтуді шешкен.
Данияр Сүндетбаев "Жас Отан" ЖҚ төрағасы:
Осындай қайрымдылық акцияларын көбірек өткізігіміз келеді. Себебі басқаға жақысылық жасау арақылы, әр адам өзін бақыттырақ сезінетініе сендімін. Жастарды жақсылық жасауға, кішіге қамқор болуға үйреткіміз келеді. Бұл бастама бір күндік акция болып қалмауы керек.