$469.93 €541.64 ₽5.71
×

TikTok-та бейәдеп сөйлеген шымкенттік тұрғын қамауға алынды

09.08.2026ж. 16:00
TikTok-та бейәдеп сөйлеген шымкенттік тұрғын қамауға алынды
Фото: видеодан скрин

Шымкентте әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан ер адам 10 тәулікке қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатқанын айтады.

Кезекті мониторинг барысында 39 жастағы қала тұрғыны Қуанышбек Умарбековтің TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Полиция әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер мен өзге де жарияланымдар заң талаптарына сәйкес болуы тиіс екенін ескертеді.