$469.93 €541.64 ₽5.71
×

Phygital Football: финалға шыққан командалар анықталды

09.08.2026ж. 18:25
Phygital Football: финалға шыққан командалар анықталды
Фото: Qazsport

«Болашақ ойындары – 2026» аясындағы Phygital Football жарысында финалға шыққан командалар анықталды.

Quetzales-Armadillos жартылай финалда Club Holcatles командасын 2:0 есебімен жеңді. Цифрлық кезең 0:0 есебімен аяқталғанымен, физикалық кезеңде 2:0 есебімен басым түскен Quetzales-Armadillos финал жолдамасын жеңіп алды.

Екінші жартылай финалда NS Team мен FC OLYMPIC PHYGITAL арасындағы кездесу тартысты өтті. Екі кезең де 1:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталып, NS Team 3:2 есебімен басым түсті.

Осылайша, Quetzales-Armadillos пен NS Team Phygital Football финалында чемпиондық атақ үшін таласады.