$469.93 €541.64 ₽5.71
×

Құтқарушылар дүкендегі өрт кезінде үш баллонды алып шықты

Құтқарушылар дүкендегі өрт кезінде үш баллонды алып шықты
ТЖМ

Ақтөбе қаласының Алматы ауданында Асау Барақ көшесінде азық-түлік дүкенінің шатыры мен көршілес жеке тұрғын үй шатырының бір бөлігі өртенді. Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылар өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. Өрт орнынан ТЖМ қызметкерлері әрқайсысының сыйымдылығы 50 литр болатын екі тұрмыстық газ баллонын және бір оттегі баллонын алып шықты.

Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.