$469.93 €541.64 ₽5.71
×

Алматыда құны 2,6 млрд теңгелік инвестициялық жобаға қойылған әкімшілік кедергілер жойылды

Алматыда құны 2,6 млрд теңгелік инвестициялық жобаға қойылған әкімшілік кедергілер жойылды
ашық дереккөз

Алматы қаласында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің араласуымен құны 2,6 млрд теңге болатын «Black Biotechnology» ЖШС-ның инвестициялық жобасын іске асыруға кедергі келтірген әкімшілік кедергілер жойылды.

Компания органикалық мал азығына арналған қоспалар өндіретін зауыт салып жатыр. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 40 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жыл басынан бері инвестор өндірілетін өнімді отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу туралы уәкілетті мемлекеттік органға бірнеше рет өтініш берген. Алайда әр жолы «бас тарту» деген жауап алған. Бұл компанияның өнімін өткізу мүмкіндігін шектеп, сату нарығын кеңейтуіне кедергі келтірген.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің араласуынан кейін мәселе жедел түрде шешімін тапты. Кәсіпорын тиісті тізілімге енгізіліп, әкімшілік кедергі жойылды. Осылайша инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруға мүмкіндік жасалды. Прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде инвестордың құқығы қорғалды.

Заңсыз бас тартуға, әкімшілік кедергілерге немесе инвестициялық жобаларды іске асыруға заңсыз араласуға тап болған инвесторлар 115 Call-орталығына жүгіне алады.