Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №15 мекемесінде мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аясында мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтардың бірі ұлы ақынның портретін салып, өзінің шығармашылық қабілетін көрсетті.
Суретші Абай Құнанбайұлының бейнесін қағаз бетіне түсіру арқылы ақынның рухани мұрасына деген құрметін білдірді. Шығармашылық жұмыс барысында Абайдың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі, оның өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні кеңінен насихатталды. Мұндай мәдени және шығармашылық бағыттағы іс-шаралар сотталған азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді. Абай шығармашылығын дәріптеу – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ұлы ойшылдың өнегелі мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызды бағыттарының бірі.