$469.93 €541.64 ₽5.71
×

eGov Mobile қосымшасы мен Gov.kz порталында Құрылтай сайлауына байланысты сайлау учаскесін тексеру сервисі іске қосылды

eGov Mobile қосымшасы мен Gov.kz порталында Құрылтай сайлауына байланысты сайлау учаскесін тексеру сервисі іске қосылды
gov.kz

eGov Mobile мобильді қосымшасы мен Gov.kzпорталында азаматтарға алдағы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін жаңа сервис іске қосылды.

Жаңа сервис азаматтарға дауыс беру процесі туралы қажетті ақпаратты алдын ала алуға және сайлауға қатысуды барынша ыңғайлы етуге бағытталған. Енді сайлауға қатысты негізгі ақпарат eGov Mobile қосымшасында бір жерге жинақталған.

eGov Mobile қосымшасында сервисті пайдалану үшін: 

 

  • eGov Mobile қосымшасына авторизациядан өту;
  • басты беттегі «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінің төменгі жағында орналасқан «Құрылтай-2026» белгішесін таңдау;
  • өзіңіздің сайлау учаскеңіз туралы ақпаратты тексеру қажет.

«Сайлауға дайындық аясында eGov Mobile қосымшасында жаңа сервисті іске қосып отырмыз. Алғаш рет Құрылтай сайлауына қатысты негізгі ақпарат бір бөлімге жинақталды. Енді азаматтарға қажетті мәліметті әртүрлі ақпарат көздерінен іздеудің қажеті жоқ. Сервистің негізгі мақсаты – азаматтардың сайлауға қатысуын барынша жеңілдету және сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету. Сонымен қатар азаматтар үшін gov.kz/sailausailau.gov.kz және sailau2026.gov.kzақпараттық ресурстары қолжетімді. Аталған платформаларда азаматтар ЖСН арқылы өздерінің сайлау учаскесін анықтай алады», – деп ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин атап өтті. 

eGov Mobile қосымшасындағы сервис азаматтарға дауыс беруге қатысу үшін қажетті негізгі ақпараттың барлығын ұсынады. Атап айтқанда: 

  1. сайлау учаскесінің нөмірі мен нақты мекенжайы;
  2. тіркелген сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін алу тәртібі туралы бейненұсқаулық;
  3. дауыс беру күніне дейін қалған күн санын көрсететін кері санақ таймері;
  4. сайлау және оның маңызы туралы жалпы ақпарат;
  5. сайлауға қатысты өзекті жаңалықтар мен іс-шаралар;
  6. сайлау процесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер туралы пайдалы ақпарат;
  7. ЖСН арқылы сайлау учаскесін іздеу мүмкіндігі. Бұл сервис басты беттегі «Танымал қызметтер» бөлімінде де қолжетімді;
  8. азаматтардың жиі қоятын сұрақтарына жауап беретін «Сұрақ-жауап» бөлімі.

Жаңа сервистің іске қосылуы сайлау процесінің ашықтығын арттыруға, азаматтардың маңызды ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтуге және сайлауға қатысу үшін қолайлы цифрлық құралдар ұсынуға мүмкіндік береді.