$511.22 €540.05 ₽4.73
×

2 мыңға жуық жұмыс берушіге айыппұл салынды - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

AstanaTV
01.03.2018ж. 20:00
2628
2 мыңға жуық жұмыс берушіге айыппұл салынды - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек келісімшартын жасамастан адамдарды жұмысқа қабылдаған фактілер туралы халық жасырмай айтуы керек. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерекше шараны қолға алды.

Қазақстан бойынша «Еңбек келісімшартын жаса» акциясы басталды. Заңсыздық орын алғанын байқаған азаматтар жергілікті еңбек инспекциясына хабарлауы тиіс. Тек соңғы екі жылда миллионға жуық қазақстандық еңбек келісімшартынсыз, жалданып еңбек еткен. Екі мың жұмыс беруші де осы талапты бұзғандар санатында. Сәйкесінше, оларға айыппұл салынған. Оның мөлшері 30 АЕК пен 150 АЕК аралығында келісімшартсыз жұмыс істеу әсіресе құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығы саласында байқалған.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  комитет төрағасының орынбасары:

Жұмыс беруші болсын, егер өз еркімен менде осындай адамдар жұмыс істеп жатыр, солардың еңбек қатынастарын заңға қарай сәйкестендірейін деп едім деп келсе бізге, онда оларға әкімшілік жаза қолданылмайды.