Елордада «Әйел дауысы – ұлт күші» республикалық сайлауалды форумы өтті. Оны Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұйымдастырды. Гендерлік саясат, әйелдер құқықтарын қорғау мен қоғамдық-саяси рөлі талқылаудың негізгі өзегіне айналды. Форумға партия атынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар, сарапшылар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Спикерлер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және жаңа бастамалар жайында пікірін ортаға салды. Айта кетейік, Құрылтай депутаттығына тіркелген 545 кандидаттың 172-сі – әйел. Бұл - үміткерлердің жалпы санының үштен біріне жуық.
РАУШАН АУБАКИРОВА, ЖСДП АТЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:
Біздің конституциямызға қарасақ бізде барлық закондар әйелдер мен ер кісілерге бірдей. Сондықтан, әйел кісілерге мүмкіншіліктер туып жатыр. Қаншама директор, бас дәрігерлер, депутаттар, министрлер бар әйел кісілер. Біз әйелдер арнайы артықшылық сұрамаймыз, біз тек қана тең мүмкіндік, құқық пен әділдікті сұраймыз. Соған байланысты бүгін сөз қозғалып жатыр.