«Заң мен тәртіп» қағидаты әзіл арқылы насихатталды. Күрделі құқықтық тақырыптар қызылордалық жастарға жақын, түсінікті форматта жеткізілді.
«12 тамыз – Халықаралық жастар күні» онкүндігі аясында ұйымдастырылған көңілді кеш қаладағы Президент саябағында өтті. Қала тұрғындары әдемі әзілге қарық болып, өнерпаздардың өнерін тамашалады.
«Жайдарман» ойынына аудандар мен қаладан 7 команда қатысты. Қатысушылар құқық бұзушылықтан аулақ болуды, қоғамдық тәртіпті сақтауды жастарға әзілмен астарлап жеткізді. Сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттерін білудің маңызын айқындап берді.
АСЫЛХАН ДҮКЕНБАЕВ, ЖАЙДАРМАНШЫ:
«Жайдарман» ойындарының арқасында «Заң мен тәртіп» қаншама еліміздегі алаяқтарға алданбау туралы, заң, тәртіп туралы көптеген дүниелер насихатталып жатыр. «Жайдарманның» негізгі мақсаты әзіл арқылы жеткізу болғаннан кейін бір әзілдің артында үлкен бір әділдік, оның артында үлкен түсіндіру жұмыстары жатыр деп ойлаймыз.
Азаматтық жауапкершілікті сақтауды «жастардың тілінде» жеткізу маңызды. Мұндай форматтағы шаралар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың заңға деген құрметін арттыруға ықпал етеді дейді тәртіп сақшылары.
БАҒДӘУЛЕТ СЕРІК, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
«Заң мен тәртіп» қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізі. Әрібір жас өз іс-әрекетін жауапкершілікпен әрі заң талаптарын сақтап, күнделікті өмірінің негізіне қалыптастыру қажет деп білемін. Менің ойымша жастар арасында «Заң мен тәртіп» мәдениетін қалыптастыру үшін тек жаза туралы айту жеткіліксіз деп білемін.
Шара Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Көрермендер ұтқыр әзіл мен әсем әуен тыңдап, көңіл сергітті.