$465.74 €537.23 ₽5.62
×

Нөсер жауыннан лай көшіп, 10 адам қаза тапты

Нөсер жауыннан лай көшіп, 10 адам қаза тапты
Фото: әлеуметтік желі

Филиппин аралдарының Багуио қаласында лай көшіп, үйлерді басып қалды. 

Салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты, үш тұрғын құтқарылды.

Оқиға ел астанасы Маниланың солтүстігіндегі таулы ауданда болған.

Апатқа бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр себеп болған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, еріктілер мен құтқарушылар адамдарды екі күн бойы іздестірді. Ұзаққа созылған жауын-шашын салдарынан Кордильера өңірінде су тасып, көптеген үйге зақым келген.