$465.74 €537.23 ₽5.62
×

«Ауыл» партиясының кандидаттары Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

«Ауыл» партиясының кандидаттары Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

«Ауыл» партиясының кандидаттары Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті. Басқосуда саяси ұйым өкілдері сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі бағыттарына тоқталды. Сонымен бірге, жиында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашу, тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жайы сөз болды. Ал жергілікті халық елдімекендерде тұрғын үйлер салу, диқандарға субсидия беру мәселелерін көтерді. Дәл осында шара Ақмола облысы Қырыққұдық ауылында да өтті. Оған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан тіркелген байқаушылар қатысты. Жиында тұрғындар жайылымдық жердің жетіспейтінін айтып, осы мәселеге қатысты сұрақтарын қойды.

ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз бүгінгі таңда 354 ауылды аралап шықтық. Оларды бірінші жол мәселесі, екінші интернет мәселесі, ең үлкен маңызды жұмыс мәселесі. Оны біз қандай жобалар бар айтып жатырмыз. Ондай жобалар көп. Оны қазір үкімет те қолдап жатыр. Бірінші жұмыс қосалқаның басын қосуға, екінші кооператив құруға.