Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мён Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қылмыстық топ мүшелерін ұстау және оларды отанына жедел қайтару ісіндегі ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
Камбоджа мен Вьетнам арқылы Қазақстанға жасырын кіріп, біздің азаматтарымызға қарсы телефон алаяқтығын жасаған Корея Республикасының ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жергілікті жерде ұсталғаннан кейін 2 апта өткен соң толықтай елге қайтарылып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ұстау шарасынан бастап елге жеткізуге дейінгі жұмыстың жедел атқарылуы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің белсенді қолдауы мен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға және тиісті тараптарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Келесі айда өтетін «Корея Республикасы – Орталық Азия» саммитінде тікелей жүздесіп, алғысымызды жеке жеткізуге мүмкіндік болады деп сенеміз, – делінген Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мённің жазбасында.
Ол Корея Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі мен бейбіт өміріне қатер төндіретін қылмысқа қарсы ешқандай ерекшелік жасалмайтынын айтты.