$465.74 €537.23 ₽5.62
×

Елордада түнгі мекемеден сатуға дайын "шарлар" тәркіленді

Елордада түнгі мекемеден сатуға дайын "шарлар" тәркіленді
Polisia.kz

Елордада ойын-сауық мекемелерінде жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полиция есірткіге жатпайтын, алайда әсері күшті заттардың заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылық фактісін анықтады.

Тексеру кезінде түнгі ойын-сауық орындарының бірінде барда "шар" деп аталатын заттардың сатылғаны белгілі болды. Оларды тұтыну үшін келушілерге арнайы бөлме бөлінген. Полиция қызметкерлері тексеру барысында үш баллон мен сатуға дайындалған "шарларды" тәркіледі. Заңсыз сатуға қатысы бар 22 жастағы мекеме әкімшісі анықталып, ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция күшті заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Адамның санасына әсер ететін кез келген зат оның психикасы мен денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін. Құқық бұзушылықтардың барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде тоқтатылады.