$465.19 €536.55 ₽5.61
×

Елордада «Заң мен тәртіп» – «Астана – есірткісіз қала!» атты тақырыптық пойыз іске қосылды

Елордада «Заң мен тәртіп» – «Астана – есірткісіз қала!» атты тақырыптық пойыз іске қосылды
Фото: Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Астанада күн сайын Астана – Бурабайбағыты бойынша қатынайтын «Астана – есірткісіз қала!» тақырыптық жолаушыларпойызының тұсаукесері өтті.

Жоба Астана қаласы Полиция департаментінің бастамасымен Көліктегі полиция департаменті мен «Сарайшық» ауданының әкімдігі, қоғамдық ұйымдар және жастар бірлестіктерінің қолдауымен жүзеге асырылды. Олардың қатарында ҚР ПенчакСилат қауымдастығы, «Жасыл желкен» қоғамдық қоры, «O.Y.A.N» ПД волонтерлеріжәне «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы бар.

Тақырыптық пойыз есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы ауқымды жаңа жобаға айналды. Оның вагондары есірткіден бас тартуға, салауаттыөмір салтын ұстануға және заң талаптарынсақтауға шақыратын профилактикалық жазбалар мен тақырыптық материалдарменбезендірілген. Сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымы фактілері туралы хабарлауға болатын анонимді қызметтердің байланыснөмірлері орналастырылған.

Пойыз күн сайын Астана – Бурабайбағыты бойынша қатынап, жылжымалыпрофилактикалық алаң қызметін атқарады. Оны күн сайын жүздеген жолаушыпайдаланады. Осылайша профилактикалық материалдар кең аудиторияны тұрақты қамтып, салауатты өмірдің құндылығы, жекежауапкершілік және есірткіге деген теріскөзқарас туралы еске салып отырады.

Профилактикалық жұмыс «Нұрлы жол» теміржол вокзалының аумағын да қамтыды. Мұнда тақырыптық интерактивті және профилактикалық алаңдар ұйымдастырылып, спорттық және көрсетілімдік өнер көрсетулер өтті. Вокзалдың ақпараттық экрандарындаесірткіге қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Вокзал – елорда тұрғындары мен қонақтары көп шоғырланатын орындардың бірі. Сондықтан мұнда профилактикалық жұмыстар жүргізудің маңызы зор. Ендіжолаушылар тақырыптық бейнероликтермен ақпараттық материалдарды тұрақты түрде көре алады, ал пойыз өз бағыты бойынша күн сайын профилактикалық миссиясын жалғастырады.

Жобаның салтанатты ашылуы аясындаелорда тұрғындары мен қонақтарына арнапмазмұнды бағдарлама ұйымдастырылды. Жобаның таныстырылымы, концерттікбағдарлама, көркем шығармалар көрмесі, полицияның кинологиялық қызметінің көрсетілімдері, спорттық қойылымдар, интерактивті профилактикалық алаңдардың жұмысы және полицияның заманауитехнологиялары, соның ішінде робот-иттаныстырылды.

Осылайша, жоба бір күндік іс-шараменшектелмейді. Профилактикалық акция вокзалда да, пойызда да тұрақты түрде жалғасын тауып, елорда тұрғындары мен қонақтарын жүйелі түрде қамтитын болады.

Жоба мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, волонтерлер мен жастардың күш-жігерін біріктіріп, қауіпсіз ортаны қалыптастыруға және қоғамда есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты орнықтыруға бағытталған.