$465.19 €536.55 ₽5.61
×

Нұрай Серікбайды аяусыз өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды

Нұрай Серікбайды аяусыз өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды

Нұрай Серікбайды аяусыз өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды. Сот Шерхан Аймаханды үш бап бойынша айыпты деп тапты. Сонымен қатар ол 25 миллион теңге моралдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

САМИДДИН ТЕМІРӘЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот үкім етті... Шерхан Әлмаханұлы Аймахан қылмыстық кодекстің 125-1 бабының 1 -бөлігінде,115 бабының -1 бабында , 99 бабының 2 бөлігі 5 тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен кінәлі деп танылсын. Оған жаза ретінде ҚК 125-бабы -1 бабымен 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.  ҚК 115 бабының -1 бабымен 200 сағат мерзіге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалсын. ҚК 99 бабының 2 бөлігі 5 тармағымен  өмір бойына бас бостанығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Еске салайық, 21 жастағы Нұрай Серікбай 11 қаңтарда Шымкентте қаза тапты. Тергеу барысында қайғылы оқиғаға дейін Аймаханның қызды ұзақ уақыт бойы аңдып, оны күштеп некеге тұрғызуға әрекет жасағаны анықталды. Мемлекеттік айыптаушы соттан қызға 35 рет пышақ сұққан Аймаханға  өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын. Осылайша қоғамда үлкен резонанс тудырған іске  нүкте қойылды.