$465.19 €536.55 ₽5.61
×

Екібастұзда 37 жастағы жігіт полиция бөлімшесінде қайтыс болды

14.08.2026ж. 19:00
Екібастұзда 37 жастағы жігіт полиция бөлімшесінде қайтыс болды

Екібастұзда 37 жастағы жігіт полиция бөлімшесінде қайтыс болды. Оқиға арнайы ұстау бөлмесінде болған. Қоғамдық тәртіпті бұзған мас адамды полиция бөлімшеге жеткізген. Арада біраз уақыттан өткен соң, ол көз жұмған. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада марқұмның өзіне- өзі қол жұмсағаны айтылады. Видеода ес түссіз жатқан ер адам көрсетіледі. Полиция аталған оқиға байланысты түсініктеме берді.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Екібастұз қаласының полициясына үйдің ауласында мас ер адам қоғамдық тәртіпті бұзып, әйелді күш қолданумен қорқытқаны туралы шақырту түсті. Оқиға орнына келген полицейлер бұзақылық жасаған ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Құқық бұзушы арнайы бөлмеге орналастырылды. Біраз уақыттан кейін ол ес-түссіз күйде табылды. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ер адам қайтыс болды. Бейнежазбалар тәркіленді.