Ақтауда студенттердің оқу үлгерімін жақсартып, емтихандардан жоғары баға алып беруге уәде еткен алаяқ сотталды
2026 жылғы 24 маусымда Ақтау қалалық сотының үкімімен азамат Д. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.
Сотта анықталғандай, ол Ақтаудағы жоғары оқу орындарының студенттеріне ақшалай сыйақы үшін оқу үлгерімін жақсартып, емтихандардан жоғары баға алуға көмектесуге уәде берген.
Осы сылтаумен студенттерден 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша алған. Алайда уәдесін орындамай, қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.
Осыған байланысты Ақтау қаласының прокуратурасы жаңа оқу жылы қарсаңында азаматтарды оқу процесіне заңсыз араласуды ұсынатын адамдардан сақ болуға шақырды.
Прокуратураның мәліметінше, ақшаға баға қойып беру, емтиханнан өткізу немесе оқу мәселелерін шешіп беру туралы ұсыныстар заңсыз әрі алаяқтық белгілерін қамтуы мүмкін.