Республика бойынша электронды қызмет көрсету 24 пайызды ғана құраған. Ал өткен жылы 11 млн 800 мың мемлекеттік қызмет қағаз жүзінде көрсетілген. Бұл туралы мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман «Нұр Отан» париясында өткен «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағытындағы коммисия отырысында мәлімдеді. Цифрландыру мәселесін талқылауға мәжіліс депутаттары, билік өкілдері, ұлттық компания басшылары мен үкіметтік емес ұйымдар да ат салысты. Сондай-ақ, бейнебайланыс арқылы әр аймақтың партия кураторлары да қосылды. Мәжіліс депутаты алдымен мемлекеттік қызметті электронды форматқа көшіруді бас қалаларда күшейту керек деп отыр.
Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:
Өзге
өңірлерге өнеге көрсетуге тиісті Астана және Алматы қалаларының жергілікті
атқарушы органдарының көрсеткіштері де көңіл көншітпейді. Атап айтқанда, олар
өздері көрсеткен мемлекеттік қызметтердің тиісінше 75 және 76 пайызын
азаматтарға арналған мемлекеттік корпорациясымен электронды портал арқылы
көрсетулеріне болатын еді.