Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Тянь-Шань тауының бір шыңына Астананың атауы беріледі

AstanaTV
02.03.2018ж. 20:00
4293
Тянь-Шань тауының бір шыңына Астананың атауы беріледі

Тянь-Шань тауларының бір шыңына Астананың есімі беріледі. Бұл жобаны "Қазақ туризм" дайындап жатыр. Сыртқы істер министрлігінде шетелдіктерге туристік потенциалды таныстарған жиында қазақ туризм басқармасы төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев осылай деді. Шыңның атауы - «Астанаға 20 жыл» болмақ. Туризмді дамыту мақсатында Астананың 20 жылдығына орай, қазақ даласында ірі 6 экспедиция ұйымдастырылады. Бұл бағыттар елдің батысы мен шығысын, оңтүстігі мен теріскейін қосады. Экспедицияға шетелдік танымал блогерлер, туроператорлар шақырылмақ.

Тимур Дүйсенғалиев, «KAZAKH TOURISM» ҰК басқарма төрағасының орынбасары:

Қазақстанда үлкен тау тізбектері барын бәрі жақсы біледі. Ол, бірінші кезекте, Орталық Тянь-Шань, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай. Жиырма экспедиция соңғы нүктені орталық Тянь-Шаньға қояды. Сөйтіп оның бір шыңына «Астаға 20 жыл» деген атау беріледі.