$464.02 €536.18 ₽5.54
×

Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады

15.08.2026ж. 07:41
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
Фото: © Mikey Williams/Top Rank Inc / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер атанды. WBO арнайы комитеті оның шеттетілу мерзімін қысқарту туралы өтінішін мақұлдады.

qazsporttv ақпаратынша, WBO арнайы комитеті қазақстандық боксшыны осы мәртебеге үміткер Якоб Банктен жоғары қойды. Ұйым бұл шешімді Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы чемпиондық тәжірибесі мен WBO титулын бірнеше рет қорғағанын ескере отырып қабылдаған.

Жәнібек Әлімханұлы — 17-0 (12 КО)  Хамза Шираз — 24-0-1 (19 КО)

WBO тараптарға жекпе-жек шарттарын келісу үшін 20 күн уақыт берді. Егер осы мерзім ішінде ортақ мәмілеге қол жеткізілмесе, жекпе-жекті өткізу құқығы промоутерлік сауда арқылы анықталады.