$464.02 €536.18 ₽5.54
×

Instagram 10 жылдан кейін логотипін жаңартты

16.08.2026ж. 03:01
Instagram 10 жылдан кейін логотипін жаңартты
Фото: әлеуметтік желі

Instagram әлеуметтік желісі соңғы он жылда алғаш рет логотипін өзгертті. Бұл туралы компания басшысы Адам Моссери өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Өзгеріс қосымшаның белгішесіне емес, Instagram атауы жазылған қаріпке қатысты. Қосымшаның логотипі бұған дейін 2016 жылы түбегейлі жаңартылған еді. Оған дейін белгішеде Polaroid фотоаппараты бейнеленген болатын.

Адам Моссеридің айтуынша, қосымшаның жоғарғы бөлігіндегі логотип он жыл бойы өзгермеген. Сондықтан оны жаңартып, бұрынғы нұсқасына сілтеме жасай отырып, ықшам әрі заманауи стильге келтіру туралы шешім қабылданған.