Өткен тәулікте құтқарушылар мен орман шаруашылығы қызметкерлері Ақмола облысының алты ауданында болған табиғи өрттерді сөндірді. Жалпы 67 гектардан астам құрғақ шөп өртенген.
Өрт сөндірушілердің мәліметінше, Біржан сал, Целиноград, Атбасар, Ақкөл, Шортанды және Жақсы аудандарындағы аумақтарды өрт шарпыған.
ТЖД бөлімшелері мен жергілікті әкімдіктердің басты міндеті өрттің елді мекендерге таралуына жол бермеу болды. Бір тәулікте өрт шарпыған аумақтың жалпы көлемі 67 гектардан асты.
Өртті сөндіруге Мариновка ауылындағы «Ауыл құтқарушылары» бөлімшесі, «Степногорское» орман шаруашылығы басқармасы және «Кеңес» орман шаруашылығы басқармасының қызметкерлері де қатысты.
Бірлескен жұмыстың арқасында құрғақ шөп өртенген барлық ошақ сөндірілді.