$464.02 €536.18 ₽5.54
×

Таразда ойын клубы өртенді

Таразда ойын клубы өртенді
фото скрин

Тараз қаласындағы Ташкент көшесінде үш қабатты ойын клубының ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Алғашқы өрт сөндіру есептоптары келген кезде ашық жалын және қою түтін байқалды.

Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісті. ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің нәтижесінде өрттің жақын орналасқан тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.