$464.02 €536.18 ₽5.54
×

Меркіде көз жұмған 19 жастағы келіншектің өліміне қатысты тың дерек шықты

Меркіде көз жұмған 19 жастағы келіншектің өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: stan.kz

Меркі ауданында 19 жастағы Мадина Рашидқызы қайтыс болды. Жас келіншек күйеуімен бірге тұрған және сегіз айлық сәбиі болған.

Марқұм Өзбекстан азаматы, ал оның күйеуі Қазақстан азаматы болған. Ерлі-зайыпты шамамен екі жыл некеде тұрған.

Қайғылы жағдайдың алдында Мадина жақын құрбысына күйеуімен арадағы жанжал туралы айтып, ажырасқысы келетінін жеткізген. Сондай-ақ ол құрбысынан 15 мың теңге қарыз сұраған. Алайда құрбысы қажетті қаражатты тауып бере алмаған.

Келесі күні Мадинаның қайтыс болғаны туралы хабар келген. Оның денесі түнде асылып тұрған күйінде табылған.

Қазір оқиғаның мән-жайы мен өлімнің нақты себептері анықталып жатыр. Жас әйелдің өліміне қатысты тиісті тексеру жүргізілуде.