$461.39 €534.75 ₽5.45
×

Қостанайда күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды

Қостанайда күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бейімбет Майлин ауданының Қызылжар ауылының тұрғынына қатысты үкім шығарды. Әйел күйеуін өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 9 мамыр күні кешке ерлі-зайыпты үйдің ауласында алкогольдік ішімдік ішкен. Араларында жанжал туындаған. Сот мәліметінше, ер адам мас күйінде әйеліне кінә артып, оны опасыздық жасады деп айыптаған.

10 мамыр күні шамамен сағат 00:30-да әйел асхана пышағын алып, күйеуінің кеуде тұсының сол жағына бір рет пышақ сұққан. Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Сот талқылауы барысында сотталушы өз кінәсін ішінара мойындағанымен, адам өлтіруге ниеті болмағанын мәлімдеді.

Сот әйелді кінәлі деп танып, оны сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.