Денсаулық сақтау министрлігі ауруларды диагностикалау мен ерте анықтаудың объективтілігін арттыру үшін балалар скринингтерін ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарады. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
«Жаңа тәсіл цифрлық диагностикалық жабдықтарды қолдануды, алынған нәтижелерді ақпараттық жүйелерге автоматты түрде беруді, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын пайдалануды көздейді. Цифрлық жабдықтардың тізбесі балалар денсаулығының негізгі қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылған және баланың физикалық жағдайына кешенді бағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерінің жай-күйін диагностикалаудан бастап көру және есту қабілетін, стоматологиялық денсаулықты, физикалық дамуды және тірек-қимыл аппаратының жағдайын бағалауға дейін цифрлық технологиялар медициналық тексеру нәтижелерінің дәлірек, объективті және өзара салыстырмалы болуын қамтамасыз етеді», — деп баяндады Ақмарал Әлназарова.
Министр сондай-ақ скринингтердің жаңа форматы адами фактордың әсерін азайтуға, дәрігерлік персоналға жүктемені төмендетуге және анықталған басқарылатын патологиялары бар балаларды одан әрі диспансерлік бақылауды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.