$461.39 €534.75 ₽5.45
×

Сұлтан Сәрсемәлиевтің үстінен апелляциялық шағым түсті

18.08.2026ж. 15:00
Сұлтан Сәрсемәлиевтің үстінен апелляциялық шағым түсті
фото: kz.kursiv.media

Төрт адамды қасақана өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісі бойынша апелляциялық шағым түсті. Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші тарап ретінде танылған екінші деңгейлі банктердің бірі сотқа жүгінген.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің ақпаратынша, апелляциялық шағымды банк берген. Алайда қаржы ұйымының үкімге шағымдануына қандай себеп болғаны әзірге жарияланбады.