Ұлттық банк Конституцияға арналған коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Алтын жалатылған монета 925 сынамалы күмістен жасалған.
Салмағы 31,1 грамм. Номиналы 1 000 теңге. Мың данамен шығарылады. Коллекциялық монеталар Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы ертеңнен бастап, яғни 19 тамыздан сатыла бастайды.