$462.22 €536.5 ₽5.43
×

Астана жеті жылдан кейін күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдайды

Астана жеті жылдан кейін күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдайды
ҰОК

Күрес түрлерінен жаһандық дода 2026 жылғы 24 қазан мен 1 қараша аралығында елордадағы Barys Arena мұз сарайында ұйымдастырылады. Байрақты бәсекеде еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен 30 салмақта жүлде сарапқа салынады. Әлем чемпионатына жүзден астам елден 900-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Осы орайда жарыстың ресми маскоты ретінде қыран бейнесіндегі Muzbalaq таныстырылды. Әлем чемпионатының басты ерекшеліктерінің бірі – 18-23 қазан аралығында халықаралық бірлескен оқу-жаттығу жиынының өткізілуі. Бұл жиынға әлемнің 350-ге жуық үздік балуандары қатысып, жарыс алдындағы дайындықтарын пысықтайды.