$460.13 €532.6 ₽5.42
×

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақорда

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президентіне тоғыз елдің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Молдова Республикасының елшісі Игорь Молдован, Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Тхань Ле Нгуен, Корея Республикасының елшісі Ки Хон Чжон, Оңтүстік Африка Республикасының елшісі Лунгисани Доминик Нтомбелла, Словакия Республикасының елшісі Любомир Регак, Германия Федеративтік Республикасының елшісі Хайке Ренате Пайч, Әзербайжан Республикасының елшісі Алимирзамин Аскеров, Словения Республикасының елшісі Бранко Раковец және Намибия Республикасының елшісі Моника Ндилявике тапсырды.