$462.22 €536.5 ₽5.43
×

Қызылордада қайтарылған активтер медицина саласына бағытталуда

Қызылордада қайтарылған активтер медицина саласына бағытталуда

Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғындары 55 жылдан кейін заман талабына сай жаңа ауруханаға қол жеткізді. Бұрын күрделі тексерістер үшін қалаға ағылатын халық енді аудан орталығында ем-дом алады. Түйткілді мәселенің шешілуіне заңсыз шетел асып, елге қайтарылған активтер сеп болып отыр.

Аудандық ауруханада бұған дейін инфекциялық бөлімше болмаған. Салдарынан төсек-орын тапшы еді. Сұранысқа сай былтыр 2 млрд теңгеден аса қаржы бөлініп, 30 орындық арнайы орталық бой көтерді. Сонымен қатар,  қосымша ғимарат салынып, инсульттық бөлімше ашылған. Материалдық-техникалық база нығайтылды. Мыңдаған шақырым артқа тастап облыс орталығына баратын халыққа енді алысқа шабылудың қажеті жоқ дейді дәрігерлер.

ЕРКІН ЖАҢАБАЙҰЛЫ, КӨПБЕЙІНДІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Осы жерде толық МРТ түсіру мүмкіндігі бар. Одан бөлек 30 төсектік инфекциялық аурухананың замануи талаптарға сай болуы науқастардың толық кликалық хаттамаларға сәйкес ем алуына мүмкіндік беріп тұр. Ол жерде өзіндік қарқынды емдеу палатасы, ота жасау бөлімшесімен толықтай қамтамасыз етілген қазіргі заманауи талаптарға сай.

Өңірде қайтарылған активтер есебінен денсаулық сақтау саласының 6 жобасы қаржыландырылған. Соның негізінде Арал, Қазалы, Жаңақорған Шиелі ауданының тұрғындары сапалы медициналық көмек алуда. Сонымен қатар, қаладағы Титов қыстағында жаңа емхана өқрылысы жүргізілуде. Бұдан да бөлек, ауыз толтырып айтар ауқымды бастама көп.

СЕРІК ӘДІЛКЕНҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Қызылорда облысы бойынша қайтарылған активтер есебінен 29 жобаға 36,5 млдр қаржы бөлінді. Әрбір жоба бойынша қаражаттың мақсатты игерілуі, құрылыс сапасы. Белгіленген мерзімдердің және міндеттемелердің шарттық міндеттемелердің сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Бүгінде аймақта қайтарылған активтер есебінен 14 жоба толық аяқталған. Одан өзге, елді мекендерді таза ауызсумен қамтамасыз ету, теміржол өткелінің құрылысын салу секілді түйткілді мәселелер шешіледі дейді мамандар.