Ескі алтынды жаңасына жоғары бағамен айырбастауға тамаша мүмкіндік туды. «LUCENTE» зергерлік үйі 7 күндік арнайы акция бастады. Тамыздың 17-сі мен 23-і аралығында жүретін бұл науқан кезінде бағалы металдың грамы бұрынғыдан әлдеқайда қымбатқа бағаланады.
Зергерлік бұйымдарын жаңартуды жоспарлап жүргендер үшін қазір таптырмас кезең. «LUCENTE» зергерлік желісі тұрғындар үшін арнайы Trade-In бағдарламасын іске қосты. Енді тұтынушылар көнерген әшекейлерін тиімді бағамен өткізе алады. Бұл бастаманы тұрақты клиенттер де жоғары бағалап отыр.
ИСКРА АЙДАРОВА, САТЫП АЛУШЫ:
Люченте дүкеніне келгем. Әрдайым келіп отырамын. Маған ұнайды. Ескі алтындарымды ауыстырып отырамын мен постоянно. Әшекей соларды ауыстырып отырғанды жақсы көрем. Трейдингн бойынша бұрын 37 мың еді граммы, қазір 43 500. Маған ұнап қалды. Енді әйел адам әрқашан да үнемдегенді жақсы көреді ғой.
Бұйымның ескіргені немесе сынып-бүтіндігі маңызды емес. Басты шарт – өткізілетін алтынның 585 сынамаға сәйкес келуі. Зергерлік үйдің қызметкерлері металдың таза салмағын лезде өлшеп, нақты бағасын шығарып береді. Сондай-ақ, мұнда келген әрбір сатып алушы үшін қосымша жеңілдіктер де қарастырылған.
МАЛИКА АМАНГЕЛДІ, LUCENTE ЗЕРГЕРЛІК ДҮКЕНІНІҢ ӨКІЛІ:
Біздің дүкенімізде 17 тамыздан 23 тамызға дейін trade-in бағдарламасы бойынша акция жүріп жатыр, бір граммды 43 500-ден қабылдаймыз. Одан бөлек бізде барлық бұйымдарға 50пайыз жеңілдікпен бағалардың барлығы. Өйткені біздің клиенттеріміздің дүкенімізде тиімді сауда жасағандарын қалаймыз.
7 күндік науқан Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай және Өскемен сияқты еліміздің ірі қалаларындағы «LUCENTE» желісінің барлық дүкенінде өтіп жатыр. Ескі бұйымды тиімді бағамен жаңасына айырбастап үлгеру үшін тұрғындарда 23 тамызға дейін уақыт бар.