Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелеріне арналған алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Жиында инженерлік желілерді жаңғырту, күрделі жөндеу қаржыландыру, құрылыс ақаулары мен басқаруды цифрландыру тетіктері талқыланды. Партия өкілдері тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту мен саланы дамытудың басым бағыттарын таныстырды. Жиын қорытындысы бойынша сараптамалық алаң құрылатын болды.
АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Президентіміз коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, осы саладағы барлық тараптың жауапкершілігін арттыру міндетін қойып отыр алдымызға. "Әділет" партиясы бұл бағытты да толық қолдайды. Біз үшін реформаларды қолдайтынымызды айтып қою ғана жеткіліксіз. Біздің мақсатымыз халықпен бірге нақты нәтижеге жету.