"Байтақ" партиясының сайлауалды үгіт-насихат іс-шаралары Астанада жалғасты. Бұл жолы партия өкілдері «Жасыл аймақ» ұйымының қызметкерлерімен кездесті. Жиында саяси ұйымның бағдарламасы таныстырылды. Кездесу барысында экологиялық мәселелер де көтерілді. Қала ішін абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын уақытылы бастауға қатысты ұсыныстар айтылды. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Жиынға қатысушылар экология саласына қатысты өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойды.
НАРИМАН БАУБЕК, BAYTAQ ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінгі жиынның мен үшін маңызы зор. Себебі, мұнда экологиялық түйткілдерге бей-жай қарамайтын азаматтар жиналды. Мен өз баяндамамда қазіргі ғаламдық экологиялық ахуал қаншалықты қиын екенін түсіндіруге тырыстым. Бұл тек сөз жүзінде көтеріп қоя салатын дүние емес. Ғалымдар 2030 жылға қарай су тапшылығы болады деп болжап отыр. Бұл -алаңдатарлық тақырып. Сондықтан, бұл істе бірігіп әрекет ету маңызды.