$462.22 €536.5 ₽5.43
×

ЖСДП мүшелері тұрғындармен кездесті

ЖСДП мүшелері тұрғындармен кездесті

Абай облысында жалпыұлттық-социал демократиялық партиясы Көкпекті ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында Құрылтай депутаттығына кандидат сайлауалды бағдарламаны таныстырып, әлеуметтік мәселелерді тыңдады. Ал Петропавлда саяси ұйым  өкілдерінің қатысуымен "Жаңа Қазақстан: Құрылтайға сайлау - азаматтардың дауысы" атты дөңгелек үстел өтті. Жергілікті белсенділердің айтуынша, Құрылтай сайлауы елдегі демократиялық институттардың дамуына тың серпін беріп, әрбір қазақстандықтың жауапкершілігін арттырады. Бұл қоғамда саналы азаматтық ұстаным қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді. "Сондықтан алдағы саяси науқанның маңызы өте зор", - дейді олар. Ұйым өкілдері тұрғындардың жеке сұрақтарын да назардан тыс қалдырмады.

АЛЕКСАНДР ПАВЛОВ, ЖСДП СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Бізге келген тұрғындар сан алуан мәселе көтереді. Оның басым бөлігі жер үлесі, экология, жол инфрақұрылымы, интернет алаяқтығына байланысты. Мамандар әр шағым бойынша құқықтық кеңес беріп, мүмкіндігіне қарай шешуге тырысады. Бұл жұмыс тұрақты түрде жалғасын табады.