$462.22 €536.5 ₽5.43
×

«Ауыл» партиясының өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті

AstanaTV
19.08.2026ж. 19:00
«Ауыл» партиясының өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті

«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылындағы шаруашылық ұжымымен кездесті. Партия өкілдері қала мен ауылды бірдей дамыту, өңірлер арасындағы алшақтықты азайту және адамның тұрғылықты жеріне қарамастан өмір сүруіне, еңбек етуіне әрі өз мүмкіндігін жүзеге асыруына тең жағдай жасау жайында айтты. Сонымен қатар, жиында мал шаруашылығын, қайта өңдеу саласын дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау, азық-түлік қауіпсіздігі және ауыз су мәселелері талқыланды. Партия өкілдері тұрғындармен пікір алмасып, ауылдық жерлерде қандай түйіткілді мәселелер барын білді.

ҚАНАТ АСҚАРОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Торанғұл еліне келдік, осы жерде көріп, халыққа тоже түсініктеме, түсіндірмелер жүргіздік. Біздің партияның жоспарын айттық. Айдың ішінде біраз жұмыстар істелді.