$462.22 €536.5 ₽5.43
×

«Ақ жол» партиясының өкілдері медицина мамандарымен кездесті

AstanaTV
19.08.2026ж. 19:00
«Ақ жол» партиясының өкілдері медицина мамандарымен кездесті

Шымкентте «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері №1 қалалық клиникалық ауруханаға барып, медицина қызметкерлерімен кездесті. Кандидаттар саяси ұйымның бағдарламасын таныстырып, жаднама материалдарын таратты. Жиында кадр тапшылығы, медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру жайы сөз болды. Ашық диалог форматында өткен жиында сала мамандары ұсыныс-пікірлерін айтып, өзекті деген сұрақтарын қойды.

БАҚДӘУЛЕТ МӘЛІМОВ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНАН  ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Партиямыздың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен таныстырып, сайлаушыларымыздың алдында сұрақтарының барлығына жауап бердік. «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы одан әрі үгіт-насихат жұмысын жалғастыратын болады. Басқа да мекемелермен, білім саласының мекемелерімен.