Ресейдің Алтай аймағында туристік базада қайғылы жағдай болды. Аю шатырда ұйықтап жатқан туристерге шабуыл жасап, 29 жастағы бойжеткенді орманға сүйреп әкеткен.
ТЖМ деректері бойынша, оқыс оқиға 19 тамызға қараған түні Бия өзенінің жағасында орналасқан «Исток» турбазасының аумағында болған.
Ресейлік БАҚ өкілдерінің жазуынша, бұл сұмдық жағдай жақында ғана сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған жігіттің көз алдында болған. Жақындары мен құтқарушылар аюды қуып кетуге тырысқанымен, нәтиже шықпай, аю қызды алып орманға бой тасалаған.
Оқиғадан кейін жергілікті билік жоғары дайындық режимі енгізіп, коменданттық сағат жарияланғанын мәлімдеді.