$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Каспий теңізінде екі жасөспірім құтқарылды

22.08.2026ж. 02:17
Каспий теңізінде екі жасөспірім құтқарылды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылында «Ерсай» аумағында ТЖМ қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауын патрульдеу кезінде 2012 және 2013 жылы туған екі жасөспірімді анықтады. Оларды үрлемелі матраспен жағадан шамамен бір шақырым қашықтыққа алыстап кеткен.

Құтқарушылар жасөспірімдерге жедел жетіп, оларды жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ су айдындарында балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударудың маңыздылығын ескертеді. Балаларды үнемі бақылауда ұстап, олардың жағадан алысқа жүзуіне жол бермеу және судағы қауіпсіздік ережелерін алдын ала түсіндіру қажет.