Ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы жайлы толық мәліметті орталық сайлау комиссиясы жариялайды. Сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі ашылған. 107 учаске таңғы сағат алтыда жұмысын бастаған. Тілшіміз Айсәуле Съезбек дәл қазір орталық сайлау комиссиясынан тікелей хабар таратуға дайын тұр. Айсәуле, соңғы жаңалықтармен бөліссең.
АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:
Қайырлы таң, Ақбота. Орталық сайлау комиссиясы әдеттегідей сағат сайын ақпарат таратуды бастады. Таңғы сағат 7.00-дегі жағдай бойынша елдегі 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Олардың 107-сі аумақтық комиссиялардың шешімімен таңғы сағат 6-да жұмысты бастап кеткен. Сондай-ақ, қазірге дейін әлемнің 16 мемлекетінде 19 сайлау учаскесі есігін айқара ашты. Бірер секунд орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның ұсынған деректеріне назар аударсақ.
МҰХТАР ЕРМАН, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Тізімдерге 12 461 796 азамат енгізілді. Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 17 514 есептен шығару куәлігін берді. Сағат 10 бастап орталық референдум комиссиясы әр 2 сағат сайын тікелей эфирде ақпарат таратады.
АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:
Бүгін ресми ақпарат бойынша 10мың 423 сайлау участкесі кешкі сағат 20:00ге дейін ашық болады. Оның 79-ы шетелдегі 61 елде қазақстандықтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруына себептеседі.
Мендегі ақпарат әзірге осы. Студия.