Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтуде. Кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Учаскелерде халықтың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. 18 жасқа толған барлық қазақстандық өз таңдауын жасай алады. Қазіргі уақытта 12 миллионнан астам адам (12 605 788) дауыс беру құқығына ие. Алматы қаласы сайлаушылар саны бойынша көш басында. Мұнда 1 329 251 азамат дауыс беруге құқылы. Миллионнан астам сайлаушысы бар өңірлердің ішінде Астана қаласы, Түркістан мен Алматы облысы да бар. Ал дауыс беруге құқылы адамдар саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 138 362 сайлаушы дауыс бере алады