$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Отандастарымыз әлемнің 61 елінде дауыс бере алады

AstanaTV
23.08.2026ж. 08:00
Отандастарымыз әлемнің 61 елінде дауыс бере алады

Құрылтай саулауына шетелде жүрген отандастарымыз да қатысып жатыр. Иран мен Украинадағы әскери-саяси жағдайдың күрделілігіне байланысты сайлау учаскелерінің жұмысы тоқтатылды. Десе де, өзге мемлекеттердегі қазақстандықтар өз таңдауын жасай алады. 61 елде 79 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Шетелде тұратын немесе уақытша жүрген 11 мыңнан астам қазақстандық Құрылтай сайлауына қатыса алады. Уақыт айырмашылығына байланысты шетелде сайлау учаскелері бірінші Жапония мен Оңтүстік Кореяда ашылды. Токио мен Сеул қаласындағы қазақстандықтар Астана уақытымен түнгі 03:00-де дауыс беруді бастап кетті. Ал ең соңғы дауыс беру учаскесі Америка Құрама Штаттарындағы Сан Франциско қаласында ашылады. Екі ел арасындағы уақыт белдеуінің айырмашылығы 12 сағат. Сәйкесінше, учаске Астана уақытымен кешкі сағат 19:00-де ғана жұмысын бастайды.