$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Қызылордада перзентханадағы аналар да маңызды күннен тыс қалған жоқ

Қызылордада перзентханадағы аналар да маңызды күннен тыс қалған жоқ

Қызылордада перзентханада жатқан аналар да саяси  шарадан қалыспай, өз таңдауларын жасап жатыр. Облыстық ана мен бала орталығында орналасқан  №345 жабық сайлау учаскесіне аяғы ауыр, босанған аналар дауыс беруде. Өзге учаскелер секілді мұнда да қарбалас.  Олар таңғы 7-ден келіп, белсенділіктерін танытып жатыр. Дүниеге келген сәбиіміздің болашағы үшін маңызды таңдау жасау біздің міндетіміз дейді аналар.  Жалпы орталықта дауыс беруге құқылы 130 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде алғаш рет саяси шараға қатысқан қала тұрғынына арнайы сыйлық табысталды.

СӘУЛЕ ЖАХАНОВА, №345 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Денсаулықтарына байланысты 130 тіркелген сайлаушының 8 анамыз өз орындарында дауыс беретін болады. Оған осы комиссия мүшелері барып жағдайларына байланысты сол жерден дауыстарын береді аналарымыз.