$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Атырауда байырғы балықшылар алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Атырауда байырғы балықшылар алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Жаңа саяси жүйенің жұмысына бастау беретін  бірпалаталы Құрылтай депутаттарын сайлауға ауыл халқы да  белсенді қатысып жатыр. Атырау қаласының іргесіндегі Қызыл балық ауылында балықшылар әулеті бір ауыздан дауыс беруге келді. Тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы тікелей байланыста. Базаргүл, сайлау учаскесіндегі көңіл-күй қалай?

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Рахмет, Бота! Ел тарихындағы маңызды күн, жаңа саяси белесті  №70 сайлау учаскесінде  қарсы алып тұрмыз. Бұл қала іргесіндегі байырғы балықшылар мекені - Қызыл балық  ауылы. Әдетте ауыл халқы таңмен тұрып, шаруашылығын жайғайды. Сол әдетінен жаңылмай дауыс беруге ертемен келіп жатыр.

Бар саналы ғұмырында колхозда еңбек етіп,  балық, егін саласында механик болған Өміржан Қапасов бала-келін, немерелерімен дауыс беруге келді. Ұрпақтың қамсыз һәм қауіпсіз болашағы үшін таңдау жасаймыз,- дейді ақсақал.

ӨМІРЖАН ҚАПАСОВ, ҚЫЗЫЛ БАЛЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сайлаудан үлкен үміт бар. Құрам жаңарады.  Жаңа адамдар келеді деп есептеймін өзім. Соған байланысты жаңа леп келіп, осы үлкен серіпіс болады деген ой.

№70 сайлау учаскесінде  1976  сайлаушы тіркелген. Мұнда қазақы әуен ойнап, мерекелік леп сезіліп тұр. Маңызды күнді есте қалдыру үшін фотозона дайындалған.

РАМАЗАН ЕГІЗӘЛИЕВ, №70 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Үйден дауыс беретіндер саны -18. Қазір сағат 12-де барып үйлерін аралап,  өздерінің өтініштері бойынша үйлерді аралап дауыс беріледі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мына жерде өзінің анайы орыны бар дайындалған. Жағдайлары бәрі жасалған.

Облыста 428 мыңнан астам сайлаушы бар. Олар 278 сайлау учаскесінде дауыс беруде. Оның 13- і аурухана, әскери бөлім секілді азаматтардың уақытша болатын орны. Сайлау барысын бақылау үшін  13 ұйым акредиттелген.  Аймақта тіркеуі жоқ азаматтарды тіркеу үшін 6 онлайн  сервисі жұмыс ІСТЕП тұр.

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Биыл облыста жаңадан екі  сайлау учаскесі құрылды. “Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауыты және Прорва кен орны жұмысшылары  вахталық қалашықта ашылған сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр. Бұрын оларға жылжымалы жәшік апаратын. Студия, әзірге мендегі ақпарат осы.