$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Құрылтай сайлауы ел дамуына тың серпін береді - Мемлекет басшысы

Құрылтай сайлауы ел дамуына тың серпін береді - Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Бір палаталы Парламенттің алғашқы сайлауының тарихи маңызы зор. Құрылтай сайлауы елдің дамуына тың серпін беріп, жаңа тұлғалар мен жаңа идеялардың қалыптасуына жол ашады. Бұл туралы сайлау учаскесінде пікір білдірген азамат айтты.

Оның сөзінше, әсіресе жастардың өз ойын еркін жеткізіп, мемлекеттің дамуына белсенді атсалысуына мүмкіндік беру маңызды.

«Құрылтай сайлауына үлкен үміт артамын. Еліміздің дамуына тың серпін береді деп санаймын. Жаңа тұлғалар мен жаңа идеялар пайда болды. Жастардың ой-пікірін еркін жеткізуін, мемлекетіміздің қалыптасуына үлес қосуын әрдайым қолдаймын», – деді ол.

Сондай-ақ ол Құрылтай депутаттарының басты міндеттеріне тоқталды. Оның пікірінше, депутаттар ең алдымен заңдардың сапасына жауап беріп, сайлауалды бағдарламалары мен халыққа берген уәделерін орындауы тиіс. Сонымен қатар қабылданатын заңдар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуі қажет.

«Қазір заман күрделі. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Сондықтан туған елімізді озық, заманауи мемлекетке айналдыру жолында күш-жігерімізді біріктіру керек», – деді ол.

Оның айтуынша, Конституция елдің одан әрі дамуына қажетті мүмкіндіктерді қалыптастырады. Ата Заң әсіресе жастарға үлкен жауапкершілік жүктеп, болашаққа нақты бағыт береді.

«Келешегіміз – жастардың қолында. Оған күмән жоқ», – деді ол.