$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс берді - ОСК

AstanaTV
23.08.2026ж. 15:00
Сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс берді - ОСК

Дауыс берудің басталғанына 8 сағат болды. Орталық сайлау комиссиясындағы тілшіміз тікелей эфирде соңғы ақпараттармен бөліседі. Аяулым, халықтың дауыс беру көрсеткіші қандай? Қай өңір көш бастайды? 

Ақбота, рақмет! Орталық сайлау комиссиясы әр екі сағат сайын ақпарат таратып жатыр. Сағат 14.00-дегі статистика бойынша сайлаушылардың  53,12 проценті дауыс берген. Бұл - 6,696 002 азамат.  Әсіресе, Қызылорда облысының тұрғындары белсенді- 64,22 пайыз. Ал онан кейінгі орында 63.07 процентпен Абай өңірі  тұр. Сондай-ақ, Жетісу облысының тұрғындары   дауыс беруге асығуда. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы хабарлады. Тыңдайық.

ШАВХАТ ӨТЕМІСОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Қызылорда облысы - 64.22
Абай облысы - 63,07
Жетісу облысы - 62,89
Қарағанды облысы - 62,79
Ақмола оьлысы - 61,15

АЯУЛЫМ ИЗАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қазір сәлден соң 16:00-дегі мәліметтер жария етіледі. Брифинг басталады. Ол туралы келесі шығарылымда айтамыз. Ақбота, сөз сізде.

Рақмет, Аяулым. Орталық сайлау комиссиясынан ақпарат берген әріптесім Аяулым Изатқызы болатын. Біз ары қарай жалғастырамыз.