$456.88 €534.64 ₽5.47
×

"Жарқын болашаққа сенеміз",-тұрғын

23.08.2026ж. 15:00
"Жарқын болашаққа сенеміз",-тұрғын

Қарағанды облысындағы сайлау  учаскелері  нағыз мерекеге айналған. Кейбірінде дауыс берушілерге  дәм ұсынылуда. Көшеде әділдіктің символы саналатын ерекше кейіпкерлер тұрғындармен суретке түсіп, көңілдерін көтеріп жүр. Халықтың белсенділігі жоғары. 

БЛИЦ:

- Болашақтан көп жақсылық күтеміз ғой. Біз жас мемлекетпіз, біз тез дамып келе жатқан мемлекетпіз. Мемлекетіміз үлкен- үлкен алыптармен қатар жүретін солармен үзеңгі таластыратын елге айналсын деп тілеймін өзім.

- Сайлауға қатыстық. Әпкеміз Қарағандыда берді, Біз қазір Астанада береміз дауысты, ары қарай Түркістанға барамыз.Өте көңілдіміз.

- Біз өте қуаныштымыз осындай выборға келіп тұрған. Әділетті, жақсы өтуіне сенеміз. Халқымыз, жұртымыз аман- есен болсын.