Заңсыз сауал қойып, үгіт жүргізген. Бас прокуратура Құрылтай сайлауындағы заң бұзушылықтар туралы айтты. Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша 22 тамызға дейін 8 заң бұзушылық анықталған. Оның 3-еуі сайлау бойынша қоғамдық пікірге заңсыз сауал салу, 5-еуі тыйым салынған кезеңде сайлау алдындағы үгіт жүргізу дерегі.
ЕРЛАН ЖАНПЕЙСОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ АППАРАТЫНЫҢ БАҚ МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Бүгін – дауыс беру күні үгітке тыйым салынатынын еске салғым келеді. Толтырылған бюллетеньді фото – бейнежазбаға түсіруге және таратуға тыйым салынады. Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда жариялауға болмайды. Мұндай сауалдарды дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте жүргізуге де тыйым салынады. Сондықтан, заңды сақтауға шақырамын.
Ал полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелмеді.
ШЫҢҒЫС ӘЛЕКЕШЕВ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Барлық дайындық алдын ала жүргізілді. Сайлау учаскелерінің қауіпсіздігі тексеріліп, олар тәулік бойы күзетке алынды. ІІМ-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Елдің барлық өңірінен ақпарат үздіксіз, онлайн режимде түсіп отыр.