$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Өңірлердегі дауыс беру учаскелерінде мерекелік көңіл күй сезіледі

Өңірлердегі дауыс беру учаскелерінде мерекелік көңіл күй сезіледі

Ел азаматтары алғаш рет жаңа өкілді орган –тұңғыш Құрылтайдың құрамын жасақтауда. Әрбір дауыс– мемлекеттің ертеңгі даму бағытын айқындайтын маңызды қадам. Сондықтан халық өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, белсенділік танытуда.  

Барлық өңірде маңызды саяси науқан өте жоғары деңгейде өтіп жатыр.

Сайлау учаскелеріндегі халықтың белсенділігі мен көтеріңкі көңіл күйі олардың мемлекет өміріне бейжай қарамайтынын көрсетеді. Жұрт отбасымен де, тұтас еңбек ұжымдарымен де келіп жатыр. Қазір аймақтардағы тілшілеріміз тікелей байланысқа қосылады...

 Айзада,  сөз алдымен сізде.... шымкенттіктердің белсенділігі қалай?

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қайырлы күн, Ақбота! Елдегі үшінші мегаполист тұрғындарының саяси белсенділігі жоғары. Қазір мен Шымкенттегі № 231 сайлау учаскесінде тұрмын. Мұнда 2 335 адам тіркелген. Басым бөлігі түске дейін өз таңдауын жасап  үлгерді.

Дауыс беру учаскелеріндегі атмосфера мүлдем бөлек. Мерекелік көңіл күй сезіледі. Әсем әуен ойнап, күмбірлеген күй шертіліп, мың бұрылған бишілер бүгінгі күнді ерекшелеп, келушілердің көңіл күйін көтеріп тұр. Ұлттық ойындар ойнатылып, бауырсақ   таратылып жатыр.

Салт-дәстүр орталығы жанындағы  «Әжелер» ансамблінің мүшелері  еліміз үшін маңызды күннен қалыс қалмай, өздері тіркелген № 360 саулау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

РОЗА ӘЛІБЕКҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын, ауылымыз көркейе берсін. +Ертеңгі күнгі болашақ кешегі күнгі тарих дейді ғой. Соны ұштандыра білетін жастар көп болсын.

Дауыс беруге бір әулет, бір ұжым болып, тіпті өнер ұжымдарына дейін топтасып келіп жатыр. Батырлар да белсенді.

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Егде жастағылар мен денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмағандар да саяси науқаннан қалыс қалмады.  Үйден дауыс беруге 800-ден астам адамнан өтініш түскен. Олардың арасында ғасыр жасаған қариялар да бар. Мегаполисте жасы жүзден асқан 17 адам тұрады.  Өзгеріс, сіздерде дауыс беру барысы қалай?

ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Рахмет, Айзада, Павлодарда осы уақытқа дейін өңір халқының жартысына жуығы дауыс берді. Аймақ тұрғындары саяси науқанға  белсенділік танытып жатыр. Сайлаушылар арасында жас та, жасамыс та бар. Ал сайлауға өздігінен бара алмаған сайлаушылар үйден дауыс берді. 

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Сергей Николаевич – 100 жаста. Ақсақал өздігінен жүріп тұра алмайды. Сол себепті сайлау коммиссиясы ардагердің үйіне келді.  Қарт майдангер-өңірдегі көзі тірі жалғыз  соғыс ардагері.

СЕРГЕЙ ВЫЖУТОВИЧ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

Әр дауыс маңызды деп есептеймін. Сондықтан сайлаудан қаламауға тырысам. Ал сайлауға қатыспау деген дұрыс ем. Бұл менің Отан алдындағы парызым. Сайлау елімізге  өзгеріс әкеледі деп сенемін.

Білікті ұстаз Нағым Сағатова  да ел болашағына бей-жай қарамайды. Әр сайлау сайын арнайы келіп, дауыс береді.

НАҒЫМ САҒАТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осындай мүмкіндік болып тұрған кезде ҚР азаматы ретінде өз таңдауымды жасауға менің мүмкіндігім бар. Еркіндігі бар. Сондықтан маған келіп дауыс берген ұнайды. Ыңғайлы. Егенменді еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым.

ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Тұрғындар сайлау учаскесіне әлі де ағылып жатыр. Павлодар облысында  522 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 500 мыңдай сайлаушы бар. Әрі қарай сөзді   ақтөбелік әріптесім Жанар Датқызына берейін, Жанар???

ЖАНАР ДАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Рақмет, Өзгеріс! Ақтөбеліктер де ел үшін маңызды саяси науқанға белсенді атсалысуда. Сайлау учаскесіне келгендердің арасында ерекше сайлаушы да көзге түсті. Робот итін ертіп келген азаматша көпшіліктің назарын аударды. Техника мен саясаттың тоғысқан сәті деуге болады.

Гүлнұр Боранбай Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде бағдарламашы болып еңбек етеді. IT саласының маманы ретінде цифрландыру мен жасанды интеллект тақырыбы оған таңсық емес. Сондықтан сайлау басталады дегеннен-ақ ерекше идеяны жүзеге асыруды ойлаған.

ГҮЛНҰР БОРАНБАЙ, IT МАМАНЫ:

Мен көпбалалы анамын және биылғы жыл еліміздің басшысы Қасымжомарт Кемелұлы биылғы жылды жасанды интеллект цифрландыру және интеллект жылы деп атаған болатын. Өзім де айти саласының маманы болғандықтан бұл сала өзіме жақын. Сол себепті бүгінгі Құрылтай сайлауына ерекше идея туып, осы екі роботты ертіп келдім және осы сайлауға , сайлаушыларға бір эмоция сыйлау үшін сондай мақсатта алып келген жайым бар.

№53 сайлау учаскесінде 2235 сайлаушы тіркелген. Екі азамат үйден дауыс береді. Жарысқа асыққан велосипедшілер де алдымен сайлау учаскесіне ат басын тіреді. Күн сайын сағаттап жаттығатын 20 спортшы бүгін № 557 ші учаскеге келіп, таңдауын жасады.

ҰЛАН ТӨРЕМҰРАТОВ, СПОРТШЫ:

Бүгін демалыс күні біздерде ұзақ тренировка болады. Бірақ бүгін Құрылтай болғандықтан тренировкіден бұрын бірінші Құырлтайға барып, өзіміздің дауысымызды беріп шығуды ойладық.

ЖАНАР ДАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Өңірде 14 аумақтық және 525 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Сайлаушылар тізіміне 578 мыңнан астам азамат енгізілген. Оның ішінде 6 мыңнан астамы алғаш рет дауыс береді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да қажетті жағдай жасалған.  Біздегі ақпарат осы.